Әлеумет және қоғам

Ерлан Қошанов: Заң жобалары бізге шикі түрде келеді

Фото: Егемен.кз

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Үкіметпен бірлескен жұмыста түйткілді тұстар барын жасырмады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

«Заң жобаларын дайындаудағы кемшіліктер жылдан жылға қайталанып келеді. Құжаттар жетілдіріліп әзірленбеген, сапасы төмен күйде қалып отыр. Біз бұл туралы жыл сайын айтамыз.

Соның айқын мысалы – Су кодексінің жобасы. Бұл туралы депутаттар ғана емес, мамандар да айтып жатыр. Құрылыс кодексінің жобасында да жағдай ұқсас. Заң жобасы өте шикі түрде келді. Депутаттар оны өзгертіп, қайта жазуға мәжбүр болды. Ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір мәселе – заң жобаларын Мәжіліске енгізу мерзімі», – деді Е.Қошанов.

Қазір Парламент қоржынында 71 заң жобасы бар. Депутаттық корпус енді Бюджет, Салық, Құрылыс, Су кодекстері бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар  мүлде жаңа Цифрлық кодекс жайлы да айтылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет, есірткімен күрес, дін, сот жүйесіндегі реформалар және басқа да мәселелерге қатысты заң жобалары бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын да меңзеді Мәжіліс төрағасы.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close