Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Ермұхаммед Мәулен: Спорт комментаторлары 14 мың теңге үшін 24 сағат еңбек етті

Фото: КФФ
“Qazaqstan” телекорпорациясы футболдан Еуропа чемпионатында еңбек еткен комментаторларға небәрі 5 млн теңге шығындаған. 96 матч, бір матч үшін гонорар 20-ақ мың теңге. Мұны спорт комментаторы Ермұхаммед Мәулен «Спорт плюс» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz
Бұған дейін комментатор «Неліктен қазақ спорт журналистикасында комментаторлар аз?» деген сауалға  «Біздің елде спорт арнасы санаулы болғаннан кейін сәйкесінше комментаторлар да аз. Екі спорт арнасына 32 комментатордың керегі шамалы ғой. Менің ойымша, әр арнаға 10 комментатордан жетеді. Сондықтан да алдымен спорт арналарын көбейтуге басымдық беру керек.

 

Бүгінде спорт саласы біртіндеп көтеріліп келе жатыр. Елімізде жаңадан бір спорт арнасы ашылуда. Оларға комментаторлар қажет. Қазіргі таңда ең үздіктерін іріктеп алу үшін курс өткізіп үстіндемін. Оған шамамен 12 адам қатысса, арасынан 2-3 ғана комментатор болып шығады. Кейде біреуі іріктеліп алынса да қуанасың» деп жауап берген болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close