Әнші Айқын Төлепберген жақын арада бесінші перзенті дүниеге келетінін мәлімдеді. Бұл туралы qandastar.kz хабарлайды.
Revunews бағдарламасына берген сұхбатында өнер иесі көпбалалы әке болуға ерекше дайындық қажет емес екенін айтып, әзілмен бөлісті.
«Бесінші балада ешқандай дайындық керек емес. Негізі көпбалалы әкелерге бірдеңе беріле ме? Ешқандай жеңілдік жоқ па? Анасы өмірге әкелді дегенмен, бесеуін де асырап жүрген мен ғой. Бесеуінің тамағы мен киімін қамтамасыз етіп отырмыз. Әрине, бұл — қалжың», – деді Айқын.
Сондай-ақ ол балаларын үйірмелерге қатыстырып жүргенін, мемлекеттен бұл үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылғанын, бірақ өзі әзірге мұндай қолдауға жүгінбегенін айтты.