Жаңалықтар

Есірткі тасымалдаған екі отандасымызды өлім жазасы күтіп тұр

Индонезияда есірткі тасымалдағаны үшін ұсталған екі қазақстандықты өлім жазасы күтіп тұр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Екі қазақстан азаматы қамауға алынды.

Арнайы операция барысында 683 885 грамм (0,68 тонна) есірткі тәркіленіп, 285 адам ұсталған. Оның ішінде 29 әйел мен 7 шетелдік азамат бар.

Қазіргі уақытта аталған азаматтарға қатысты Индонезияның құзырлы органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстанның Джакартадағы Елшілігі тергеу органдарымен және күдіктілердің туыстарымен байланыста жұмыс істеуде.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close