Жаңалықтар
«Эстрадада қызуқанды жігіттер бар»: Ақбота Керімбекова қамауға алынған әншілер туралы пікір білдірді
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова үстінен әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынған өнердегі әріптестері Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппарға қатысты пікір білдірді,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Керімбекова басы дауға қалған әріптестеріне араша түсіп, Instagram-дағы парақшасында қолдауын жеткізді. Әнші оларды тек жақсы қырынан танитынын айтып, екеуі де кісі сыйлай білетін жандар екенін жеткізді. Алайда шоу-бизнес өкілі эстрадада қызуқанды азаматтар бар екенін жоққа шығармады.
«Адам табылса, бап та табылады» деген залым сөзді естіп, қандай мәні бұзық ой деген ойға қалғам. Адам танитын жасқа келдік қой. Біздің эстрадада қызуқанды жігіттер бар екені рас. Ол қасиет қазір оғаш көрінгенімен, бұрынырақ жігітке тән мінез саналатын ғой. Бірақ, дәл Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа жанына тимесең көтеріле қоймайтын ең бір елгезек, кісі сыйлайтын інілердің қатарында болатын.
Бірінен соң бірін тоғытатындай бұл не жағдай деп ойланып отырмын да. Кімнің қандай пиғылын бүркелемеу үшін 10-15 күн керек болды екен? Өмір сүру қиындап барады, сен тиіспесең саған тиісіп, сен желікпесең де желіктіріп отырады. Ақыры жақсы болсын дейік! Жігіттерді жарға жыға беру дұрыс емес! Ерегескенде қоғам назарын басқа жаққа бұрмай, қулықтарға көнбей қойса ғой, шіркін! Тыныш жүріңдерш», балдар-әй», – деп жазды өнер иесі.