Әлем жаңалықтары
Еуроодақ Украинаға 100 мың сарбаз жіберу мәселесін талқылап жатыр
Фото: Украина и ЕС / Shutterstock nuotr.
Еуроодақ Украинаға 100 мың сарбаз жіберу мәселесін талқылап жатыр, деп жазды qandastar.kz
Украинадағы Еуроодақтың бітімгершілік миссиясына 40 мыңнан 100 мыңға дейін адам қажет болуы мүмкін.
Бұл туралы Reuters агенттігі жазды. Әскерилер атыс тоқтаған соң немесе бейбіт келісімге қол қойылған жағдайда ғана аттанады деген жоспар бар. Осылайша Еуропа елдері Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік бере алады. Күштердің негізгі бөлігін Франция, Германия, Италия, Польша және Ұлыбритания сияқты ірі еуропалық елдер жібере алатыны жазылған. Франция бұл бастаманы белсенді көтеріп жүр. Бітімгершілік миссия туралы келіссөздерді президент Эммануэль Макрон басқарады.