Әлем жаңалықтары
Грекиядағы өрт: Қазақстандықтар жазалана ма?

Фото: Ел.кз
Қазақстан билігі Грекияның Гидра аралындағы өртті тексеруге көмектесу туралы үндеуіне жауап бере ме? Әсіресе, егер әңгіме ықпалдылар жайлы болса? Бұған qandastar.kz көз жүгіртіп шыққан болатын.
«Пирей прокуратурасы Гидра аралындағы өртке себеп болған Персефон туристік яхтасының бортындағы Қазақстан жолаушыларына қатысты тергеуді бастады. Алайда, өрт кезінде яхта бортындағы сегіз адамнан тұратын топ Қазақстанға айғақ берместен оралған», — деп жазады Forbes Kazakhstan CNN Greece-ге сілтеме жасап.
Грекия билігі Қазақстаннан көмек сұрап отыр. Журналистер алған құжатқа сәйкес, яхта қонақтарының ішінде олигарх Данияр Әбілғазин бар. Сондай-ақ тізімге Халық Банкі басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова мен олардың отбасы мүшелері де кіреді. Бұл туралы толығырақ «Власть» та жазды.
Грек БАҚ-тарын шолып шықтық, онда тергеудің басында көптеген қателік кеткені айтылып отыр.
Ақпараттарға сәйкес, өрт сөндірушілер кемені жалға алушылардан ауызша жауап алған. Ал олар өздерінің өртке қатысы жоғын, рейске кешігетіндігін айтып, кетіп қалған.
Бұл жерде қандайда бір шара қолдану үшін прокурордың араласуы қажет еді дейді дереккөз, атап айтқанда, өрт басталған жағалауда тексеру жүргізу міндетті болған делінеді. Бірақ кеш болса да, алты күн өткеннен кейін өрт сөндірушілер петардаларды, сондай-ақ яхтадан су бөтелкелерін тапқан.
Енді грек полициясының қолында айғақтар жеткілікті. Тек бір сұрақ бар, біздің билік гректерге қол ұшын соза ма, әлде…