Әлем жаңалықтары

Грузия президенті халқын ереуілге шақырды

Фото: Сергей Бобылев / ТАСС

Саломе Зурабишвили елде өткен парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы шығып, оны мойындамайтынын мәлімдеді. Соңғы мәліметтер бойынша, саяси додада билік басындағы “Грузин арманы” партиясы жеңіске жеткен. Бастапқы сауалнама нәтижесі олардың 54 пайыздан аса дауыс жинағанын көрсеткен, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап. 

Жалпы, сайлауға 18 партия түскен. Оның үшеуі оппозициялық топ. Олардың әр қайсы 10 пайыздан асар-аспас қана қолдауға ие болған. Сондықтан, мемлекет басшысы Саломе Зурабишвили “Грузин арманы” дауыс нәтижесін бұрмалады деп айыптап отыр.

Бұл пікірмен қамаудағы Михаил Саакашвили де келіседі. Экс-президент парламентке бойкот жариялап, отандастарын наразылық шеруге шығуға шақырды.

«Осы елдегі соңғы тәуелсіз институт ретінде мен бұл сайлауды мойындамайтынымды айтуым керек. Оларды мойындау Ресейдің Грузияны басып алуын заңдастырумен тең болар еді», – деді Грузия президенті.

Ал Еуроодақ Грузияда өткен сайлау процесін тергеуге шақырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close