Мәдениет

«Гүлдер» ансамбліне 55 жыл толды

Фото: министрлік

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтті, – деп хабарлайды qandastar.kz

Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, танымал әртістермен ұтымды коллаборация және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылды.

Іс-шараға Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева секілді бірқатар өнерпаз өнер көрсетті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close