Жаңалықтар
«Хайп үшін»: Аттестатын алып әкесінің басына барған мектеп түлегі көптің сынына қалды

Фото: видеодан скриншот
Аттестатын қолына алып, қайтыс болған әкесінің басына барған мектеп түлегі көпке жақпай қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Желі қолдануышлары оқиғаға байланысты түрлі пікір қалдырды. Бірі жас қызды қолдаса, енді бірі «хайп» үшін зиратқа баратындар көбейіп кеткенін айтады.
«Хайп үшін моланың басына барып видео түсіру көбейіп кетті. Әруақты сыйласаңдаршы. Барғысы келсе барсыншы. Әркім өзі біледі ғой. Әкең иманды болсын, басыңа орамал тартып, ұзын жеңі бар көйлек киіп барғаның дұрыс болар еді», деп жазды көпшілік.