Жаңалықтар

Хасанмен суретке түскен подполковникті жұрт сынға алды

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері деп болжанған адам мен Талғардағы қылмыстық топ жетекшісі деп айдар тағылған Хасанның бірге түскен суреті талқыланып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл суреттерді желі қолданушылары ерекше талқылап, құқық қорғау органдарының этикалық нормаларын сынады.

Алматы облысының әкімдігі де жағдайға қатысты пікір білдірді. Подполковник Еркебұлан Қасенұлы «Хасанмен» аңшылықта кездейсоқ жолыққанын айтты. Ал әкімнің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, суреттегі құқық қорғаушы зейнетке шыққан.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі суреттегі адамның қазір полиция қызметкері емес екенін растады.

«Ол биыл 21 мамырда тәртіптік негізде ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар, облыстық департаменттің қауіпсіздік басқармасы және кадрлық қызметі қызметкерлердің имиджіне зиян келтіретін байланыстарды анықтау және болдырмау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді» деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Orda.kz Шерзаттың үйі қасақанаөртенген түні болған бар оқиғаны жазған болатын.

Ал ІІМ мәлімдемесінде  «хуторлықтар» жайлы сөзді жоққа шығарып, елімізде ешқандай қылмыстық топ жоқ екенін айтты.

Ішкі істер министрлігінің тергеу ісіне қатысты өткізген баспасөз мәслихатын мына жерден оқыңыз.

Бұл шудан соң күдікті ретінде кейінірек ұсталғандардың бірінің анасы Қазакенова Лейла бейнеүндеу жасап, баласының оқиға орнында болмағанын айтты. Оның айтуынша БАҚ-та тараған 13 адам деген сөзге бола, адам санын толтыру үшін оның баласы мен досын ұстап әкетті.

Қазір ел арасында резонанс болғаннан кейін, Қаржаубай Нұрымов қандай сөз айтса да, өз сөзіне «митингіге шықпау» жайлы қосып айтады. Соңғы бейнежазбасында ол басқа мемлекетке кететінін айтты.

Әлеуметтік желілерде #шерзатүшін хэштегімен суреттер таралып жатыр. Қазірдің өзінде бұл суретті 730 мың адам салды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close