Қаржы және төлемдер
Интернет-алаяқтар Ақтау тұрғындарын 90 миллион теңгеге алдап түсірген
Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысының прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтықты іске асыруға жәрдемдескен тұлғаны ұстады. Ол Алматы тұрғыны болып шықты. Бұл туралы өңірдің қадағалау органы мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар Алматы тұрғынын ұстады. Күдікті 2024 жылдың қазан айында банк есеп шоттарын алаяқтарға ұсыну арқылы ауыр қылмыстың жасалуына жәрдемдескен.
Осылайша, олар Ақтау қаласының тұрғындарына 90 млн теңгеден астам мүліктік зиян келтірілген.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тергеу судьясының санкциясымен қамауға алдынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда», — деп түсіндірді облыс прокуратурасы.