Жаңалықтар
Иран президенті хиджабқа қатысты заң жобасына вето қойды
Фото:Ebrahim Noroozi
Иран президенті хиджабқа қатысты заң жобасына вето қойды, деп жазды qandastar.kz
Тегеран әйелдердің қоғамдық орындарда хиджаб киюін міндеттейтін заң енгізу процесін тоқтатты. Оранып жүруден бас тартқан қыз-келіншектерге қазірдің өзінде айыппұл салынып, оларды полиция ұстап жатыр. Ал жаңа заңда киім үлгісін сақтамайтындар үшін жаза тіпті қатаңдатылған.
Парламенттің хиджаб мәселесінде ережелерді күшейту бастамасын президент Масуд Пезешкян қолдамай, вето құқығын пайдаланды. Билік жаңа заңның қабылдануы қоғамдағы наразылықты одан әрі өршітіп жіберуі мүмкін деп сескеніп отыр. Айта кететіні, 1979 жылғы Ислам революциясынан бастап Иран әйелдері көпшілік алдына шыққанда орамал тағуға міндетті.