Жаңалықтар

Істі болған Абылай Мырзахметов сотқа қандай өтінішпен жүгінген?

Фото: Азаттық радиосы

Абылай Мырзахметов мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп жазады qandastar.kz

Биыл 2 мамырда сотқа сотталушыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түскен.

«Бұл өтініш әлі қаралған жоқ», — деді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, Абылай Мырзахметов Павлодар облысындағы № 46 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Былтыр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке сот үкімі шыққан.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 190-бабы  4-бөлігінің 2) тармағы).

Сот үкімімен А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close