
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықтағы жарыс өтті, деп хабарлайды Qandastar.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко қатысты. Ел спортшылары арасынан ең жоғары нәтижені Елизавета Голубева көрсетіп, 1:54.86 уақытпен жетінші орынға тұрақтады.
Надежда Морозова дәл сондай уақыт көрсеткішіне ие болып, 12-орын алды. Арина Ильященко 1:58.43 нәтижемен жарысты 24-орында аяқтады.
Жарыс қорытындысы бойынша нидерландтық Антуанетта Рийпма-де Йонг 1:54.09 уақытпен Олимпиада чемпионы атанды. Күміс медаль норвегиялық Рагне Виклундке (1:54.15), ал қола жүлде канадалық Валери Мальтеге (1:54.40) бұйырды.

