Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев қайда жүр?

Коллаж: Ulysmedia

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев қазіргі уақытта компаниялар тобын басқаратынын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлеуметтік желілердегі қолданушылар мен журналистерден өзінің қазір немен айналысатынына байланысты сұрақ жиі қойылатынын айтты.

Мен кіммін?

«Әрдайым “Кәсіпкермін” деп қысқа қайырғым келеді. Бірақ мен кәсіпкерлердің әртүрлі болатынын, ал менің қазіргі қызметім көптеген саланы қамтитынын түсінемін, сондықтан бір анықтама ойлап табу оңай емес. Маған бизнес құралдар арқылы өзгерістер жасаған ұнайды. Бұл – нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тек табыс табу ғана емес, сонымен қатар қоршаған әлемді жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі. Бұл технологиялар, кадрларды даярлау және сапалы әрі сұранысқа ие өнім жасау арқылы жүзеге асады», – деді Боранбаев.

Пайда табуды ғана көздемейді

Ол қазіргі уақытта “Алмалы” холдингіне біріккен компаниялар тобын басқаратынын және бұл қызметте таза пайданы көздемейтінін атап өтті.

«Менің міндетім – олардың әрқайсысының өз саласында көшбасшы болуын және елдің дамуына тікелей әсер етуін қамтамасыз ету: инфрақұрылым құру, кадрлар даярлау, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін батыстық стандарттар мен технологияларды енгізу. Біз керемет уақытта өмір сүріп жатырмыз. Кеше ғана мұхиттың ар жағында жасалған бірегей технология ертең-ақ мұнда, Қазақстанда жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл бізге үлкен мүмкіндіктер туғызады», – деді ол.

Оның компаниялары немен айналысады

Боранбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда компаниялар адамдарды тамақтандырады, дәрі-дәрмекпен, заманауи медициналық жабдықтармен, энергиямен қамтамасыз етеді, тауарлар мен қызметтер ұсынады.

«Жақсы жағдайлары мен толық әлеуметтік пакеті бар 12 мың жұмыс орнын құрады. Біздің холдинг зияткерлік және технологиялық әлеует есебінен қосымша құн жасай отырып, шикізат саласынан тыс ірі салық төлеуші. Негізгі қызметтен басқа, спорт, мәдениет, білім беру, балаларды қолдау және экология саласындағы әлеуметтік жобалармен айналысатын Almaly social бағыты бар. Мен Қазақстанның барлық түкпірінде болдым және әр түрлі салалардағы адамдармен таныспын. Біздің елдің үлкен экономикалық және адами әлеуеті бар, оны мен ресурстары мен мүмкіндіктері бар кәсіпкер ретінде ашып, барлығына пайдалы етіп қолданғым келеді», – деп атап өтті Боранбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті болып сайланғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, Қайрат Боранбаев Астанада паралимпиадашылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жазғы спорт түрлері бойынша жаңа жаттығу орталығы салынатынын хабарлаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close