Әлеумет және қоғам

Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

Қайрат Нұртас Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, құрмет көрсетті. Әнші гүл табыстап, алғыс айтып, қолдау білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлайды.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, құрмет көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлайды.

Өнер иесі Оксана Тенге гүл ұсынып, Денис секілді ұл тәрбиелеген анаға алғысын білдіріп, амандық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар Қайрат Нұртас Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың биік жетістіктеріне негіз болған тұлғалардың бірі – дәл осы Денис Тен екенін атап өтті.

«Халқымыздың мақтанышы, батырымыз мәңгі жүрегімізде», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Оксана Тен өз кезегінде уақыт бөліп келген әншіге ризашылығын білдіріп, Денистің әрдайым Қайрат Нұртастың еңбегін құрметтегенін еске алды. Ол өнер иесіне шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да биіктерден көріне беруіне тілек білдірді.

Сондай-ақ Оксана Тен Қайрат Нұртасты жас спортшылар мен шәкірттерді қолдап, олардың жобаларына атсалысуға шақырды. Әнші бұл ұсынысты қуана қабыл алды. Желі қолданушылары да оның бұл қадамын қолдап, жылы пікірлерін білдірді.

«Керемет жарайсың Қайрат», «Жарайсың Қайрат! Денис Теннің анасы 100 жасасын, жұмысының жемісін көрсін!», «Көз жасым еріксіз төгіліп жатыр қандай мықты ана», «Денистің миссиясын жалғастырушы анасына мың алғыс! Баласын жоғалтса да, спорттан кетпей, қазақ спортының әрі қарай дамуына үлес қосып жатқандығын көріп, көзіме жас келді. Рақмет сізге, Қайрат! Анасын құрметтеп, Денис үшін алғысыңызды білдіргеніңіз мақтан тұтарлық іс болды», «Алла Денистін анасына ғұмырлы өмір берсін! Жарайсың Қайрат. Денис марқұмның аруағы риза болсын!» — деп жазған желі қолданушылары.

https://www.instagram.com/reel/DU-pPfGDYqM/?utm_source=ig_web_copy_link

Ұқсас Мақалалар

Back to top button