Жаңалықтар

«Қайрат Сатыбалдының жағдайы «неғұрлым көп жесең, соғұрлым аз отырасың» дегенге келеді» – Мақсат Толықбай

Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Қайрат Сатыбалдының түрмеден шығуына, оған қатысты үкімнің өзгеруіне қатысты батыл пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Азаттық» радиосының журналисі Нұргүл Тапаева видео бөлісіп, жазба жариялады:

Қайрат Сатыбалды жазасының жеңілдегені нені білдіреді? Осы сұрақпен “Жаңа Қазақстан” деп жүрген оннан аса депутатқа хабарласып, пікір сұрадым. Мақсат Толықбай ғана жауап берді ғой, – деді журналист.  

Мақсат Толықбай:

Соты сатылатын елдің халқы да белгілі бір деңгейде жемқорлыққа көз жұма қарады. Мысалы, кешегі Қайрат Сатыбалдының кешірім сұрап, бостандыққа шығуын қараңыздаршы. Бірді-екілі пост жазылғаны болмаса, қоғамда жаппай резонанс туғызды деп сіз айта аласыз ба? Жоқ, айта алмайсыз. Өйткені бұған заңның өзі рұқсат беріп тұр. Айыптауда көрсетілген шығынды еселеп мемлекетке қайтаратын болсаң, онда сен босап шығасың. Яғни, «неғұрлым көп жесең, соғұрлым аз отырасың» деген формулаға келетін сияқты, – деді бұған қатысты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close