Жаңалықтар
Қандастардың елге оралуы неге қиын? Депутат Қазақстандағы бюрократияны сынға алды

Фото: ашық дереккөз
Қазақстандағы бюрократия шетелдегі қандастардың елге оралуына кедергі келтіріп отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «QASQA JOL» YouTube бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Депутаттың айтуынша, Иран, Ауғанстан және Пәкістан сияқты елдердегі қазақтар үшін Қазақстанға қоныс аудару іс жүзінде мүмкін емес.
«Бұл – тасжүректік. Бес жыл бұрын Ауғанстанда ауыр жағдай болғанда, Үкімет халықаралық конвенцияларға сүйеніп, ондағы бүкіл халықты қабылдаймыз деді. Енді өз қандастарымызға келгенде есігіміз жабық па? Бұл не масқара?», – деді Ерлан Сайыров.
Оның пікірінше, мұндай мәселе тек Қазақстанда ғана кездеседі. Басқа елдер өз диаспорасын қолдап, тарихи отанына оралуын жеңілдеткен. Сондықтан бізге көші-қон саясаты мен қандастарды қабылдау тетіктерін қайта қарау қажет.