Жаңалықтар

Қаңтардан бастап медицина қызметкерлері жаппай сынақтан өтеді

Фото: ашық дереккөз

Бұл талап сала қызметкерлерінің біліктілігі мен білімін анықтау мақсатында енгізілмек. Емтихан бұрынғыдай үш емес, енді 8 деңгейден тұрады. Сынақ – ақылы. Оған жас мамандармен қатар білдей профессорлар да қатысуға міндеттеледі. Алайда сала қызыметкерлері бұл бастамаға қарсы, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

“Біз бұл талаптарға қарсымыз.Тәжірибелі нейрохирург емтихан орталығына барып сынақтан өтуі тиіс. Ол жерде біліктілікті бағалайтын мамандар жоқ. Манекендерде білгенін көрсетуі керек. Ал оны кез келген бас дәрігер өз кабинетінде де өткізе алады. Маман екенін дәлелдейтін сертификатты алу үшін белгісіз қоғамдық қорға ақша төлеудің қандай қажеті бар”, – деді «Ұлттық медицина қауымдастығы» РҚҚ Президенті Айжан Садықова.

Аттестациялаудан өту құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Белгілісі елімізде 270 мыңнан астам медицина қызметкері бар.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close