Жаңалықтар

Қарағанды облысында әскери техникалар жүр. Әкімдік түсініктеме берді

Фото: Қарағанды

Қарағанды облысында бір ай бойы әскери оқу-жаттығу өткізіледі. Оның барысында өңірде әскери техникалар ары-бері жүретін болады. Облыстық әкімдік осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды qandastar.kz Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысының аумағында алдын ала жоспарланған жауынгерлік дайындық іс-шаралары аясында оқу-жаттығу өткізілетіні айтылған.

Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер полигондарға аралас тәсілмен – теміржол, әуе және автокөлікпен марш жасайды. Әскери техниканың жүру бағыттары туралы ақпарат мүмкіндігінше алдын ала хабарланатын болады.

«Аталған іс-шараларды өткізу мемлекеттік және жеке меншік құрылымдардың жұмысына, сондай-ақ азаматтардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізбейді», делінген хабарламада.

Облыс әкімдігі әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген хабарламалар мен бейнематериалдарды таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close