Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында дербес басқарылатын электромобильдің қызметі көрсетілді.
Іс-шараға Көлік министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Астана, Алматы, Алатау және Шығыс Қазақстан облысының әкімдіктері қатысты.
Көрсетілім кезінде автономды басқару жүйесінің, навигациялық шешімдердің және жол инфрақұрылымы элементтерін тану технологияларының жұмыс істеуі көрсетілді.
Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын төтенше тежеу жүйесіне ерекше назар аударылды.
Автомобиль кедергілерді, соның ішінде адамдарды тануға және оларға қауіпсіз жауап беруге қабілетті.
Жоба автономды көлік технологияларын еліміздің көлік жүйесіне кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған.
«Жасанды интеллектке негізделген төтенше тежеу жүйесіне ерекше назар аударылды. Бұл жүйе автомобильге жолдағы кедергілерді, оның ішінде адамдарды анықтап, қауіп төнген жағдайда автоматты түрде қауіпсіз әрекет етуге мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты — автономды көлік технологияларын еліміздің көлік жүйесіне біртіндеп енгізу», — делінген мәлімдемеде.



