Мәдениет
«Қартайып қалсаңыз қойсаңызшы»: Қазақстандық жас жазушы Жүрсін Ерманға ренішін білдірді

Фото: коллаж Sn.kz
Қазақстандық жас жазушы, бірнеше кітаптардың авторы Әлихан Жақсылық әлеуметтік желідегі парақшасында айтыстың ақтаңгері Жүрсін Ерманға ренішін жеткізіп, жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz
«ҚызылОрда» арнасына берген сұхбатында (әңгімесінде) Жүрсін Атам мені шайтан туралы жазады (соның жолына түсіп кетті) деп «айыптағандай» болды.
«Қолдан жасалған қайғы қасіреттер жазады» деген сөзін түсінбедім. Мен шығармада ешқашан өзім жайлы, өзімнің жеке басым туралы жазып көрмеппін. Жүрсін Ерман атамыздың нені меңзеп, қай шығармам жайлы айтып отырғанын білмедім…», — деп бастады жазушы.
Оның айтуынша, Жүрсін Ерман жазушыны жын-шайтанның соңынан кетті деп айыптаған.
«Ата! Мен бәзбіреулер құсап еңіреп жылап, қолдан тағдыр жасап жүрген жоқпын. Дүниеде бар затты жазып, кітабымды сатып жайыма жүрмін. Шайтанға ерді дейтіндей бір жерде бірдеңе істеп отырғанымды көрдіңіз бе?
Адам болайын деген сайын осы ғой!
Бұларға көшеде арақ ішіп, бір жерде ұйықтап жатқаның ғана керек…
Түрім осындай болып, әлі ұқпай отырмын…
Қартайып қалсаңыз қойсаңызшы… Бүкіл ел ауызыңызға қарап отыр… Бар жазығым кітап жазып сатқаным болса , ақыретте сол Шайтандармен өзім жауап беремін!», — деп назын білдірді жазушы.
Skifnews.kzақпарат порталы жазғандай, айтыс ақтаңгері Жүрсін Ерман жергілікті «Қызылорда» арнасында ақын Мұхтар Ниязовпен сұхбаттасқан. Сөз арасында жүргізуші Жүрсін Ерманнан әдебиетте жүрген кейінгі буын өкілдері жайлы сұраған. Сонда ол бір кездері айтыс сахнасында өнер көрсеткен кейін прозаға бет бұрған Әлихан Жақсылықты тілге тиек етеді.
“Қазіргі жастар тайыз суда жүрген қайық сияқты. Көңіл көншітпейді. Қолдан жасаған қайғы қасіреттері бар. Соны айтады. Жын-шайтан соны жазады. Әлихан Жақсылық деген жігіт болды ғой бізде. Соны әуелде әлпештеп едік. Соның жолына түсіп кетті. Осындай жастар көбейіп кетті. Біреудің жолын кесейін дегенім жоқ.Өмірдің ақиқатын жазу керек. Жын-шайтан інжілді жазғандар толып жатыр. Ішімізге түспейді”, – дейді Жүрсін Ерман.