Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Қарттар үйінде тұрып жатқан қариялардың 90%-ы – қазақтар

Фото: ашық дереккөз
Ата-анасын қарттар үйіне тапсырғандардың айлығының 50%-ын ұстап отыру ұсынылды, деп жазды qandastar.kz
Бұл қаражат қариялардың шотына аударылып отыруы тиіс.
Сондай-ақ 70 жастан асқандардың жылжымайтын мүлкі болған жағдайда оны басқа адамның атына рәсімдеуге тыйым салу қажет. Мұндай бастаманы Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков көтерді. Ресми статистикаға сүйсенсек, 2023 жылдың соңында елімізде 51 қарттар мен мүгедектер үйі жұмыс істеген. Оның 43-і мемлекеттік болса, қалғаны – жеке меншік. Тағы бір орталық шетелдіктердің меншігінде. Қарттар үйлерінің ең көп саны Шығыс Қазақстанда орналасқан (11). Ал Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында және Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бір-бір орталықтан бар. Елдегі қарттар үйінде 6 824 адам тұрады. Оның 950-і Астанада, ал 905 адам – Шығыс Қазақстанда. Депутаттың сөзінше, қарттар үйінде тұрып жатқан қариялардың 90%-ы – қазақтар.