Қаржы және төлемдер

Қаржы министрі қазақстандықтардың шоты жаппай неге бұғатталып жатқанын айтты

Фото: Анық дереккөз

Қаржы министрі Мәди Такиев 27 қарашада Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында қазақстандықтардың шоттары жаппай неге бұғатталып жатқанына қатысты түсініктеме берді, деп жазды qandastar.kz 

«Шоттарды жаппай бұғаттау, бәлкім, ІІІ-тоқсанның қорытындысы бойынша есептілік кезеңнің жүргізіліп жатуымен байланысты болса керек, адамдар табыс декларациясын 15 қарашаға дейін тапсырып, салықтарын 25 қарашаға дейін төлеуі керек. Осы белгіленген күннен кейін төлем жасалмаса, әрине, шоттар бұғатталады. Бірақ бізде салықтар бойынша белгілі бір мәселелер бар, бұл ретте шотты бұғаттамаймыз. Шотты бұғаттау шарасы, негізінен, медициналық сақтандыру және әлеуметтік төлемдер жүргізілмеген жағдайда қолданылады», – деп түсіндірді Мәди Такиев.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close