Жаңалықтар

Кәсіпкер Нығматуллиндер бизнесін тартып алғанын айтты

Фото: ашық дереккөз

Кәсіпкер Қанат Әміркин ірі көп миллиондық келісімшарты бар жол-құрылыс компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған оқиғаны айтып берді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Көпшілігіңіз Нығматулиндер отбасын білесіздер. Осы отбасының үлкен ұлы менің ірі көпмиллиондық келісімшарты бар жол-құрылыс компаниямды тартып алды. Ол мені олардың банкінен – Qazaq Banki-ден несие алуға мәжбүр етті. Кейін бұл банк банкротқа ұшырап, менің ақшамды, сондай-ақ кепілде тұрған мүліктерімді тартып алды. Оның ішінде автосалон салуға арналған ВОАД-тағы жер учаскесі де бар. Сонымен қатар, олар мені банк кепілдігі арқылы алдап соқты», – деп жазды Қанат Әміркин өзінің Facebook парақшасында.

Alash.kz хабарлағандай,  несие рәсімдегенімен, оқиға мұнымен аяқталмаған. Олар одан қолма-қол ақша талап еткен. Кәсіпкерге отбасына қауіп төніп, Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған.

«Салық органы мәжбүрлі түрде салық қарызын өндіруге тырысқанда, мен оған қоңырау шалдым. Бұл тым артық екенін айтып, салықты өздері төлеуді ұсындым, өйткені олар бәрін тартып алған еді. Ол қысқа ғана жауап қайтарды: «Маған бәрібір, мен енді Қазақстан азаматы емеспін. Мәселеңді өзің шеш». Осындай дәрежедегі цинизм мен жауапсыздыққа ие адамдар… Бұлар қалай билікке келген?» – деп әңгімеледі кәсіпкер.

Кейін Әміркин Қазақстанға оралған. Алайда 25 желтоқсанда сот оның 239 млн теңге салық және 7 млн теңге баж салығын төлеуге міндеттелгені туралы шешім шығарды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close