Жаңалықтар

Кәсіпорын басшылығы мемлекеттік көліктерді сатып жіберген

Фото: aikyn.kz

Жамбыл облысында «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Талас аудандық прокуратурасы «Таза-Талас» ШЖҚ МКК теңгеріміндегі көліктерді ұрлау схемасын анықтады. Кәсіпорын басшылығы жалған құжат негізінде 4 автокөлікті сатуға шығармай үшінші тұлғаларға сатып жіберген, – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 миллион теңгені құрады.

Іс аясында қадағалау органы 10 миллион теңге көлеміндегі 2 көлікті қайтарып, 7 миллион теңге өндіріп алғаны хабарланды.

Талас аудандық сотының 2024 жылдың 13 маусымындағы үкімімен «Таза-Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, – делінген ведомство хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close