Жаңалықтар
Каспий теңізінде ірі ирандық есірткі контрабандасы ұсталды

Әзербайжан Мемлекеттік шекара қызметі 4 қыркүйекке қараған түні Нефтчала ауданы маңындағы Каспий теңізінде арнайы операция жүргізіп, Иранның 2 азаматын ұстады, деп хабарлайды Qandastar.kz
Бұл туралы inbusiness.kz сайты жазды.
Жоғары жылдамдықпен жағалауға бет алған қайыққа дабыл мен ескерту оқтары жасалғанына қарамастан, олар қашуға әрекеттенген. Қайықтың қозғалтқышы өртеніп, қылмыскерлер есірткі салынған пакеттерді теңізге тастағанымен, шекарашылар оларды судан шығарып, құрықтады.
Қайықтағы өрт сөндірілген соң теңізден табылған пакеттерден 11 келі 850 грамм есірткі анықталды. Ұсталғандар – 1994 жылы туған Гулреза Джавад Алиреза және 1996 жылы туған Бордбар Милад Мансур – Иран азаматтары екені белгілі болды.
Аталған факті бойынша Әзербайжан Қылмыстық кодексінің контрабанда, есірткі тасымалы және шекараны заңсыз кесіп өту баптарымен іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.