Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь еліне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Беларусь елінің астанасы Минск қаласына барды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына келді», — делінген хабарламада.