Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Қатын өсекті қою керек»: Депутат көкпарда ұтылып, дау шығарған қырғыздарды сабырға шақырды

Фото: adyrna.kz

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай көшпенділер ойынында қазақ және қырғыз көкпаршыларының ақтық ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды  qandastar.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Оның пайымдауынша, қазақ көкпаршылары жеңіске жетті.

Ол бауырлас елдің ойыншыларына сабырлы болуға шақырды.

«Қатын өсекті қою керек. Қырғыз ағайындар «ойыншымызды қамшымен тартып жіберді» деп дау шығарып жатыр екен. Бас жарылып, көз шыққан жоқ қой. Қазақ ойыншысы айып алаңына қуылып, жазасын алды емес пе?

Көкпар жүректі, білектілердің ойыны. Шаңның ішінде аттың жығылып, көкпаршылардың тапталып қалғанын талай көрдік. Отқа май құйып, түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ. Көкпаршы тұрмақ, жанкүйермен бірге қамшының астында қалған кезді ұмытқан жоқпыз. Арыға бармай-ақ қояйық… Расында мынадай сойқан көкпарды бұрын-соңды көрмеппін. Біздің жігіттер таза жеңді. Құтты болсын! Қазақстан ЧЕМПИОН», — деп жазды депутат.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close