Жаңалықтар
Қазақстан экономикасы тұрақты
Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының дамуына шолу жасады. Әрі өз ұсыныстарын айтты.
Болжамдары бойынша жыл аяғында елімізде инфляция 8% болады. Экономика тұрақты. Бірақ ақша-несие саясаты қатаң болуы қажет деп санайды. Қаржылық жағдайы тұрақсыз банктер мәселесін шешу үшін макропруденциалдық саясаттың әлеуетін дамыту керек деп жазады. Салық-бюджет саясатын реформалауды ұсынды.
Қазақстан экономикасының жақсаруына мұнай бағасының қымбаттауы мен приоретті салаларға инвестицияның артуы себеп. Ал сауда-саттықтың төмендеуі, инфляциялық қысым және су тасқыны салдары кері әсер етуде деген пікірде.
Бұған дейін Тоқаевтың кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік желісінде Халықаралық валюта қорының басшылығымен кездескенін жазды.
«Н. Бланше бастаған кезекті миссия өз жұмысын аяқтады, ертең олар қорытынды есебін жариялайтын болады. Әрине өз көзқарастарын білдіреді», – деді Жамаубаев.