Әлем жаңалықтары

Қазақстан француз атом индустриясын қолдауы мүмкін

Фото: Ақорда

“Le Figaro” сайтында «Қазақстан – Францияның стратегиялық және сенімді серіктесі» тақырыбындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарияланды, деп жазады qandastar.kz

Парижде мемлекеттік сапармен жүрген ел президенті алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан француз атом индустриясын қолдауы мүмкін деп мәлімдеді.

Мақалада мұндай күш-жігер Еуропа мен Францияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екені, бұл екіжақты қарым-қатынастың маңызды аспектісі екені алға тартылады. Тарқата айтқанда, табиғи уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатын Қазақстан француз атом өнеркәсібінің сенімді серіктесі мәртебесін сақтап қалуға үмітті.

“Президент Э.Макронның өткен жылдың қараша айында Астанаға сапары барысында біздің елдеріміз сирек жер металдары, жаңартылатын энергия көздері және азаматтық атом энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға өзара қызығушылық танытты, бұл біздің стратегиялық әріптестігімізді кеңейту үшін жаңа перспективалар ашады.

Жақында тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы туралы жалпыұлттық референдумның оң нәтижелері болашақта өзара тиімді ынтымақтастық үшін берік негіз қалайды. Әрине, бұл жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

Біз халықаралық аренада сөзсіз беделге ие және үлкен дипломатиялық тәжірибесі бар Франциямен жұмыс істеуге сенеміз. Біз бірге тұрақты және гүлденген әлем құруға, қауіпсіз қатар өмір сүруді, өзара тиімді ынтымақтастықты және жалпыға ортақ прогресті қамтамасыз етуге өз үлесімізді қоса аламыз”, – деді Президент.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close