Әлем жаңалықтары
Қазақстан – Корея матчы: Елена Рыбакина есепті 2:0-ге жеткізді
Сурет: ktf.kz
Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының плей-офф матчында Қазақстан – Корея матчында Елена Рыбакина мен Сон Хен Пак шеберлік байқасты, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші әлемнің 6-ракеткасы болса, кореялық спортшы рейтингіде 355-орында тұр. Елена Рыбакина 25-те, қарсыласы одан үш жасқа кіші еді.
Бірінші партияны Рыбакина 6:2 есебімен аяқтады.
Екінші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасай білді – 4:2. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.