Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай шекарадағы транзит жағдайларын жақсартуға уағдаласты

Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев пен Қытай Халық Республикасының Көлік министрінің орынбасары Лю Вэй «Нұр жолы» Қазақстан–Қытай автомобиль өткізу пунктін аралап көрді, деп жазды qandastar.kz

Кездесу барысында тараптар өткізу бекетінің жұмысын ұйымдастыру барысымен танысып, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен тілдесті. Сонымен қатар шекарадағы әкімшілік кедергілер мен кідірістерді қоса алғанда, өзекті мәселелер талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар шекарадағы «тар жерлерді» бірлесіп жою және транзиттік тасымал үшін тиімді жағдай жасау туралы шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, екі елдің бейінді мамандарынан құралған тұрақты жұмыс тобын құру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Министрлік деңгейіндегі келіссөздердің келесі кезеңі бір ай ішінде өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Қазақстан мен Қытай рұқсат бланкілерімен алмасудың электрондық форматына көшкен болатын. 2025 жылы тараптар халықаралық тасымалға арналған 90 мың электрондық рұқсат бланкісін алмастырды.

Бөлісу:
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close