Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан арасында суға қатысты мәселе жоқ

Фото: Ақорда

Тоқаев әріптесімен келіссөз жүргізді. 12 құжат бекітілді. Алғашқысы шекараға қатысты. Өткізу пункттерінің 2006 жылғы келісімі де өзгерді, – деп хабарлайды qandastar.kz  

Екі ел тауар айналымын таяуда 5 млрд, кейін 10 млрд долларға жеткізбекші. Ол үшін тауар түрін көбейтіп, кедергілерді жоймақ. Өзбек еліне ұн, бидай және азық-түлік өнімдерін экспорттауды жалғастыра береміз. 

Энергетика, коммуникация, ғарыш, цифрландыру салаларында серіктестікті нығайтпақ. 

“Транскаспий бағытын және Солтүстік-Оңтүстік дәлізін тиімді пайдалану жайын талқыладық. Ауғанстан арқылы өтетін темір жол құрылысы аясында бірлескен жобаларды іске асыру туралы пікір алмастық. Шекарада жаңа өткізу бекеттерін ашу мәселесін пысықтадық. Осы бағыттағы ықпалдастық өзара сауда-саттыққа тың серпін береді деп ойлаймыз”, – деді Президент.

Су шаруашылығы саласында бәрі кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Мирзиеевті Президент “Алтын Қыран” орденімен марапаттады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close