Жаңалықтар
Қазақстан мен Ресей салық салу мәселелерін талқылап, ынтымақтастықты нығайтуға келісті

Фото: ашық дереккөз
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының Ресей Федерациясының Салық қызметі өкілдерімен салықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов басқарды. Ресей тарапынан кездесуге Ресей Федерациясының Салық қызметі басшысының орынбасары Светлана Бондарчук қатысты.
Аikyn.kz жазғандай, кездесу барысында криптовалюта майнингі мен оны өткізу операцияларын салық салу мәселелері, сондай-ақ маркетплейстер мен электрондық саудамен және қызмет көрсетумен айналысатын тұлғаларға салық салу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы салықтық ынтымақтастықтың достық негізде дами беретініне сенім білдіріп, қабылданған шешімдер өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімді екенін жеткізді.