Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстан мен Ресей телефон кодтарын бірлесіп пайдаланбақ

фото: Kazakhstan.today

Қазақстан 2021 жылы өзінің +997 халықаралық телефон кодын сақтап қалған еді.

Қазақстан мен Ресей өкілдері 7-ші әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей:

Қазақстан +7 0, +7 6, +7 7; Ресей – +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтарын қолданады.Қазақстан 2021 жылы өзінің +997 халықаралық телефон кодын сақтап қалған еді. Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, оған көшу мүмкін екені айтылды. Бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық мәселелер туындайтыны анықталды.

Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.

Осыған байланысты, азаматтардың ыңғайлылығы үшін Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close