Тіркеуге тұру
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу
Мемлекеттік орган
|
ҚР Ішкі істер министрлігі |
Қызметті алушылар | жеке тұлғалар |
Қызмет көрсету орны |
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ тұрақты немесе уақытша келген орны бойынша; 2) ІІМ аумақтық бөлімшелері; 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы |
Қызметті көрсету мерзiмдерi |
30 (отыз) минут ішінде құжаттарды тапсырған сәттен бастап |
Қызмет құны
Мемлекеттік баж төлеуден босату
|
тегін
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) ҚР 540-бабына 1)-тармақ – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K080000099 |
Құжаттар тізбесі |
1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi; тіркеу туралы ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде); 2) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар – туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде); республикадан тыс жерлерден ҚР тұрақты тұруға келген ҚР азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда: – азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, ҚР шетелдегі мекемесі (немесе ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама; – шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат; – бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама. Өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынылады.
|
Қызмет көрсету нәтижесі
|
көрсетілетін қызметті берушінің «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын мекенжайы туралы мәліметтерді енгізуі, электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының заңды мекенжайын қайта жазу |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011174#z14
|