Әлеумет және қоғамСпорт

Қазақстан спортшылары Әлем кубогының финалына жолдама алды

Германияда спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалдық кезеңге өтті. Жарыстың шешуші сайыстары 21–22 ақпан күндері өтеді.

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш спортшысы финалға жолдама алды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады, деректі qandastar.kz сайты сол ақпаратқа сілтеме жасап жария етті.

Ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов 14,700 ұпаймен бесінші, ал Зейнолла Ыдырысов 14,566 ұпаймен алтыншы орын алып, финалға өтті.

Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 13,533 ұпай жинап, сегізінші орынмен шешуші кезеңге жолдама алды.

Жарыстың финалдық сайыстары 21–22 ақпан күндері өтеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button