Әлем жаңалықтары

Қазақстан Тәжікстанға қарбыз сатып, өзі Қытайдан алып жүр

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан шетелге қарбыз сату көлемін ұлғайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында қарбыз экспорты өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артып, 278,7 мың тоннаға жетті.

Оның барлығы дерлік Ресейге жөнелтілді – 239,8 тонна (+2,3 есе). Сондай-ақ қарбыздар Тәжікстанға да жіберілген – 38,9 тонна.

Ал былтырғы жылмен салыстырғанда қауын шетелге 3,6 есе аз сатылған – 74,1 тонна.

Негізгі сатып алушы тағы да Ресей болды, бірақ көрсеткіш төрт есе төмендеген (66,8 тонна). Қауын аз мөлшерде Тәжікстанға да жеткізілді – 7,3 тонна.

Бұл ретте шетелден қауын импорты, керісінше 28 есе, 2,1 мың тоннаға дейін өсті. Оларды Қытайдан – 1,8 мың тонна (+410,7 есе), Өзбекстаннан – 205,5 тонна (-2,8 есе), Ираннан – 160,3 тонна (-9,9%), Бразилиядан – 1,1 тонна (+11 есе) және Нидерландтан – 100 кг (-екі есе) сатып алған.

Қазақстан қарбызды бес есе аз сатып алды – 2,7 мың тонна. Өткен жылы бес ай ішінде елге осы тауардың 13 мың тоннадан астамы әкелінген.

Негізгі көлемі Ираннан жеткізілді – 1,9 мың тонна (-30,3%). Сондай-ақ импорттаушылар Өзбекстан, Қытай, Пәкістан және Нидерланд болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close