Әлем жаңалықтары

«Қазақстан үшін катастрофа болмақ»: Қазақстанның болашағы Трампқа байланысты ма?

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның болашағы Трампқа байланысты деген пікірді сарапшылар айтты, – деп хабарлайды qandastar.kz  Alash.KZ-ке сілтеме жасап.

Мұнай және газ саласы туралы жазатын сарапшылардың сөзінше, Трамп егер президент сайлауында жеңіске жетсе, мұнайды 40 доллардан сатып, Украинадағы соғысты тезірек тоқтатуға уәде берген.

«Бұл Қазақстанға теріс әсер етеді. АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Нью-Йорктегі экономикалық клубта сөйлеп, Украинадағы әскери жағдайды тез реттейтінін айтты. Трамп президент болғаннан кейін  12 айдың ішінде энергия бағасын екі есе төмендетуге уәде етті. Ал Путин мұнай 40 доллардан болса соғыса алмай қалады дейді Трамп. Егер ол уәдесінде тұрса бұл Қазақстан үшін катастрофа болмақ», – делінген жазбада.

Айта кетейік, 2025-2027 жылдарға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының үкіметтің тамыз айының соңында бекітілген болжамында республикалық бюджет орташа 75 доллардан баррель бағасына сүйене отырып қалыптасады, дейді Dalanews.kz.

Мұнай өндіруші компаниялар қазақстандық бюджеттің үштен бір бөлігін алып отыр.

Әзірге Араб шейхтері Трамптың бұл мәлімдемесіне қалай жауап беретіні белгісіз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close