Жаңалықтар

Қазақстан ұзақ жыл соттасқан Статимен келісімге келді

Фото: newsmaker.md

Қазақстан ұзақ жылдар бойы соттасқан молдовалық бизнесмен Анатол және Габриэль Статимен бейбіт келісімге келді, – деп хабарлайды qandastar.kz

Atameken Business телеграм арнасы жазғандай,   Үкімет, Ұлттық Банкі және Стати тараптары мұнай мен газға қатысты дауды шешетін заңдық күші бар келісім жасасты. Соның негізінде барлық сот процестері тоқтайды. Келісім шарттары құпия болып қалады. Сонымен қатар бұған Қазақстан бюджетінен қаржы жұмсалмайды деді Әділет министрлігі.

Қазақстан молдовалық кәсіпкермен 13 жыл бойы соттасты. Сол үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Бейресми мәлімет бойынша, Қазақстан билігі жыл сайын шетелдік адвокаттарды жалдау үшін 60 млн доллар жұмсап отырған.

Еске салайық молдовалық кәсіпкер Қазақстан билігін өздерінің меншігіне рейдерлік жасады деп айыптап, 2010 жылы халықаралық арбитражға жүгінген еді. Соның кесірінен бір кездері Ұлттық қор бұғатталып, Самұрық-Қазына активтеріне шектеу қойылған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close