Әлем жаңалықтары

Қазақстанда Amazon интернеті пайда болады – Цифрлық даму министрі

Фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Қазақстанның америкалық Amazon компаниясымен олардың интернетін пайдалану туралы келісімге қол қоятынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министр Жаслан Мәдиев, Азия-Тынық мұхиты елдерінің цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлер конференциясында, Қазақстан осыған байланысты бірқатар келісімдерге қол қоятынын айтты.

“Маңыздылардың бірі – Amazon Kuiper. Осы бағытта бәсекелестікті дамыта отырып, біз азаматтарға қолжетімді бағада жақсырақ қызмет ала аламыз деп ойлаймын”, – деді министр.

Amazon Kuiper – спутниктік интернет қызметтерін ұсынатын Amazon еншілес ұйымы. Жаслан Мәдиев Amazon Kuiper-ді Starlink, OneWeb аналогы деп атады.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың ақпанында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бұрынғы министрі Бағдат Мусин Қазақстанға Starlink жабдығының алғашқы партиясы жеткізілгенін айтқан еді. Ол кезде елге Starlink қондырғысы 500 данасы әкелінген.

Ал 2024 жылдың шілде айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев компанияның саясатына байланысты 136 мектеп Starlink интернет желісіне қосыла алмайтынынхабарлаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close