Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты болып қытайлықтар жұмыс істейді

Фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 12 882 шетел азаматы жұмыс істейтінін мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше, олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды», – делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда елімізде шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2% екені айтылды.

Сонымен қатар экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 326 адам (33,5%) істейтіні анықталды.

Ал өңдеу өнеркәсібі – 1 370 (10,6%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 843 (6,5%) және ауыл, орман және балық шаруашылығы – 600 адамды (4,6 %) құрап отыр.

Министрліктің дерегінше, елде Қытайдан 4 045 (31,4%), Үндістаннан 1 152 (8,9%), Түркиядан 1 110 (8,6%), Өзбекстаннан 673 (5,2%) еңбек мигранты келіп жұмыс істейді.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан мигранттарды арлы-берлі заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстағанын жаздық. Мұндай жолмен пайдаға кенелген 72 адам қамауға алынды. Ұстау операциясы Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілген. Қылмыстық топ Қытайдан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан жұмысшыларды заңсыз өткізіп отырған.

 

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close