Жаңалықтар

Қазақстанда кейбір түлектерді әскерден босату ұсынылды

Фото: tengrinews.kz

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жоғары оқу орындарының кейбір түлектерін әскердегі қызметтен босатуды ұсынды. Ведомство басшысы бүгін үкімет отырысында осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды qandastar.kz.

Отырыста министр жастарды жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

«Бүгінгі таңда техникалық мамандықтар бойынша мамандар тапшылығын ескере отырып, аталған мамандықтар бойынша оқу орындарын бітірген адамдарды әскери борышын орындаудан босату, колледждерде сержанттар құрамын даярлауға және әскери даярлықтан өтуге бағытталған әскери кафедралар ашу туралы мәселені қарауды ұсынамын», – деп мәлімдеді Жақыпова.

Министр жариялаған техникалық мамандықтардың арасында техник-құрылысшы, кенші-металлург, мұнайшы, энергетик, құрылысшы, автомеханик, инженер және басқалары бар.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close