Жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық топ кен орындарынан алтын мен қымбат металл ұрлап келген

Фото: видеодан кадр
Қазақстандағы кен орындарынан жүйелі түрде алтын мен қымбат металл ұрлап келген қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТКтелеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция құрамында алтыны бар қоспаны қайта өңдеумен айналысатын 19 заңсыз цехты анықтады. Ол зауыттардан 10 тоннадан астам кен табылған.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биыл елімізде осындай ұйымдасқан қылмысқа қатысты 36 іс тіркеліп, 150-ден астам адам жауапқа тартылған. Ал астыртын цехтардан өңдеуге дайын тұрған он тоннадан астам алтын кені табылыпты. Қазір оларды қаржыландыру және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері тергеліп жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Шымкент қаласында, Қарағанды және Қызылорда облыстарында аса қауіпті төрт қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды”, – деді ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close