Әлем жаңалықтары
Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ алтын өндірген
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда алтын өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топқа қатысты іс аяқталды, – деп хабарлайды qandastar.kz
«Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен 12 адамға – Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс аяқталды», – делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.
Тергеу мәліметінше, қазақстандықтар шетелдіктермен бірлесіп, 2021-2023 жылдар аралығында Ақмола облысында заңсыз бағалы металдар өндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асты.
Олар «жер қойнауын геологиялық зерттеу» лицензиясын пайдаға жаратқан. Қазір іс сотқа жіберілді.