Жаңалықтар

Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен қылмыскерлер ұсталды

Фото: Тенгриньюс.кз

Қазақстанда жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камералары енгізілуде, – деп хабарлады qandastar.kz.

Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, жүйе тамыз айында іске қосылады.

«Тамыз айынан бастап біз қашқындарды, борышкерлерді және із-түзсіз жоғалған адамдарды Алматы мен Атыраудағы бейнебақылау камераларынан автоматты түрде көре аламыз. ЖИ көмекке келеді. Мысалы, екі күннің ішінде тергеуден қашып кеткен екі адам мен із-түзсіз жоғалған тағы екі адам анықталды», – деді Асылов.

Бас прокурор жасанды интеллект көмегімен іздеуде жүрген адамдарды «жас пен сыртқы түрінің өзгеруіне қарамастан, камералар арқылы табуға болатынын, бұл іздеу жұмысын айтарлықтай жеңілдететінін айтты.

Мұндай камералар жақын арада Қазақстанның басқа аймақтарында да пайда болмақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close