Қаржы және төлемдер
Қазақстанда жемқорлардың тізімі қайда жарияланатыны белгілі болды — Антикор өкілі жауап берді
Фото: ашық дереккөз
Пара үшін сотталғандардың тізімі антикор базасында жарияланады. Бұл туралы Антикор өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz
Айтуынша, бұл жобаның профилактикалық маңызы зор. Себебі әр азамат біреудің жіберген қатесінен сабақ алады.
“Қазіргі уақытта заңнамалық инициатива бірінші қаралымнан өтті. Ашық тізімді енгізу бақылауды арттырудың тиімді құралы. Бұл тізім жоба бойынша Антикор порталында жариялануы тиіс. Егер заң қабылданса, оның профилактикалық маңызы зор. Өйткені еліміздің әрбір азаматы жемқорлықпен ұсталып, сотталған кісілерді ашық түрде көре алады. Профилактикалық маңызы зор деп айтуымның себебі де — осы. Бұл басқа азаматтардың осы тізімге қосылудан аулақ болуына әсер етеді”, — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жемқорлардың тізімі ашық түрде жариялануы мүмкін екені айтылған еді.
Dalanews.kz жазғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң қабылданған жағдайда, жемқорлық үшін сотталғандардың тізімі ашық түрде жарияланбақ.
Жаңа тізілім сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шара ретінде енгізіледі.
Тізілімге ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдардың есімі енгізіледі. Бұл процесс соттың заңды күшіне енген үкімі негізінде жүзеге асырылады. Егер адам ақтау үкімін алса немесе оның соттылығы жойылса, оның аты-жөні тізімнен алынып тасталады.
Тізілімді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ол ведомствоның ресми сайтында ашық түрде қолжетімді болады.