Жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 160 КОМПАНИЯ АКЦИЯЛАРЫН ҚОР БИРЖАСЫНА ШЫҒАРДЫ
Экономикамыздың мейлінше еркін дамуына мән беруіміз қажет. Президент жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында осыны баса айтты. Қазір ширатуды қажет ететін басым бағыттардың бірі Ұлттық компанияларды IPO-ға шығару. Қарапайым тілмен айтқанда олардың акцияларын сатылымға шығаруды жалғастыру. Аталған шара жүйелі іске асса, мемлекеттік активтердің тиімділігі артады. Экономистердің пікірінше, халықтық IPO компаниялардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін де күшейтеді. Бүгінде ел нарығындағы 160-қа жуық компания өз акцияларын қор биржасына шығарып отыр. Үкімет алдағы екі жылда ірі нысандардың нақты тізімін жасап, олардың акцияларының едәуір бөлігі алғашқы жария сатылымға шығарылуға тиіс. IPO арқылы компаниялардың экономикаға пайдасы артады деп күтіледі. Қаржылық есеп те ашық болады. Ләззат Жанмолдаева, экономист-сарапшы: – Бұл IPO деген біздің елге жаңалық емес, бұрыннан да бар шығып жатыр. Мынау ұлттық компаниялардың IPO-ға шығуы өзінің капиталын жария жасау және көпшіліктің осы ұлттық компанияларға үлестерін иеленуге мүмкіншілік жасау. Және экономикалық жағынан бір тиімділігі монополияларға қарсы жүргізілген саясаттың бір бөлігі болып табылады өйткен себебі жекеменшік бір компанияның немесе жеке тұлғалардың ғана меншігі емес, халық та кішкене болса да бөліктерінен мүмкіншілік алады деген сөз. Портфельдік компаниялардың IPO-ға шығуы отандық құнды қағаздар нарығын одан әрі дамытуға да оң әсер етеді. Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы: – Бұл біздің ел ретінде, қор нарығы ретінде жетіліп жатқанымызды білдіреді. Бұған өте қуаныштымыз. Бұл – біздің мақсаттарымыздың бірі. IPO нәтижесінде компанияның еркін айналымдағы үлесі 44%-ті құрады. Және бұл құнды қағаздардың өтімділігі жоғары екенінің дәлелі. Қор биржасындағы ахуал біздің ел ғана емес, сырттағы түрлі саяси жағдайларға да байланысты екенін ескеру керек. Мамандардың пікірі осындай. Баға үнемі өзгеріп отырады. Ләззат Жанмолдаева, экономист-сарапшы: – Соңғы шығарып жатқан 2024-25 жылға қарай Air astana компаниясы, тағы да 2-3 банктер олардың нақты аттарын атамасақ та болады. Негізі оның бәрі жария, бүкіл ақпарат көздерінде, әлеуметтік желілерде ақпараттар бар. Тіпті банктердің өздері де IPO-ға қалай шығару керек, қалай ақшаны қою керек, қалай өтінім беру керек деген сияқты барлығына қызметтерді іске қосып қойған. 04-05 Әрине ол 1-2 жыл деп есетпеуге болмас, дегенмен де бұл компаниялардың табыстылығы көбірек болса оның қалай айтсақ болады қауіптілігі жағынан оны да ескеру керек. IPO арқылы акцияларды сатып алу халықтың қаржылық сауаттылығын да арттырады. Үш тарап, яғни мемлекет, компания және азаматтардың қатысуымен нарықта өзара пайдалы келісімшарт жүзеге асады. Экономистер тұрғындардың ұлттық компаниялармен бірге табыс табуы әлемде кең қолданылатын тәжірибе екенін алға тартады.